Қазақстан мен Ресей Петропавлда туризмді дамыту мәселелерін талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қараша күні Петропавл қаласында «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» атты XV аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей Петропавлда туризмді дамыту мәселелерін талқылайды

Бүгін Астанада өткен Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Антон Силуановпен келіссөздер жүргізді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар ЕАЭО аясында сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.  Атап айтқанда, Ресей мен Қазақстан аумақтары арқылы тауарлардың кедергісіз транзитін қамтамасыз ету, екі елдің ауылшаруашылық секторын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралған.

Асқар Мамин 9 қарашада Петропавл қаласында «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» атты XV аймақаралық ынтымақтастық форумы өтетінін атап өтті. Оның айтуынша, форум мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді.