Қазақстан мен Ресей пойыздардағы шекара бақылауын тоқтатты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен статс-хатшы - РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы жолаушылар тасымалдау процедурасын оңтайландыратын хаттаманы рәсімдеуге қатысты грамота алмасу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Мәскеудегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі РФ-тегі ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Екі елдің үкіметтері арасындағы теміржол көліктері ұйымдары мен мекемелерінің, кәсіпорындарының қызметін құқық реттеу ерекшеліктері жайлы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2016 жылдың 4 қазанында Астанада қол қойылып, одан кейін екі елдің басшылары мен парламенттері ратификациялады.

26 қыркүйектен бастап Астана-Орал және Алматы-Орал бағыттары бойынша «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы іске қосылды. Ол Ресейдің Соль-Илецк станциясы арқылы күн сайын жолаушыларды тасымалдайтын болады.

И.Тасмағамбетов атап өткендей, бұл - Қазақстан мен Ресейдің шекарадағы облыстарының тұрғындары арасындағы байланысты оңтайландырып, туристік және іскерлік қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар