Қазақстан мен Ресей шекараны демаркациялау мәселесін Мәскеуде талқылады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркация комиссиясының жүз отыз бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей шекараны демаркациялау мәселесін Мәскеуде талқылады
Фото: gov.kz

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобасын бекітіп, мемлекеттік шекара сызығын оның түрлі учаскелерінде белгілеу мәселелерін талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан аумағында өтеді.