Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Астанадағы Сирия жайлы кездесуге дайындықты талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанадағы сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өткізу және оған дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлады дүйсенбі күні Ресей СІМ.

 Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Астанадағы Сирия жайлы кездесуге дайындықты талқылады

Әңгіме ресейлік тараптың бастамасымен өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

«Әңгімелесу барысында ішкі саяси мекеме басшылары Астанадағы сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге дайындық, екіжақты күн тәртібі, алдағы байланыстар және халықаралық аренадағы шараларды үйлестіру мәселелерін талқылады», - делінген СІМ сайтына жарияланған түсіндірмеде.

Бұған дейін Ресей мен Түркия басшылары Сириядағы шиеленіс тараптарына Қазақстан астанасындағы жаңа алаңда келіссөздер жүргізуді жалғастыру ұсынысы туралы келісімге келді. Ресей президенті В.Путиннің айтуынша, бұл кездесу Женева келіссөздерін толықтыруы мүмкін. Кездесу 23 қаңтар күні Астанада өтеді. Ал 8 ақпанда Женевада келіссөздердің келесі кезеңі өтеді.