Қазақстан мен Ресейдің Экология министрлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен шараларды талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің Экология министрлері қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдалану салаларындағы бірлескен шараларды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
None
None

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ресейлік әріптестеріне Жайық өзені бойынша гидрологиялық жылдық анықтамалармен алмасуды ұсынды. Бұл туралы Орынбор қаласындағы Қазақстанның Экология министрі мен Ресей Федерациясы табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловтың екіжақты кездесуінде айтылды.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Жайықтың тартылуы мен осының әсерінен өзен экожүйесінің бұзылуы – оның су шаруашылық жүйесін кешенді зерттеуді талап етеді. Министр 1981 жылға жейін Жайықтың бірыңғай гидрологиялық жылдығы жасалып, 1982 жылдан бастап ҚазКСР мен РФКСР үшін бөлек дайындала бастағанын атап өтті. Ал КСРО тараған соң әр ел өз алдына жасайтын болды.

«Дәл осындай жұмыс тәсілі біз қазір көріп отырған салдарға әкеп соқтырды деп есептеймін. Осыған байланысты Жайық бойынша гидрологиялық жылдықтармен тұрақты түрде алмасып отыру тәжірибесін енгізуді ұсынамын, - деді М.Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар