Қазақстан мен Ресейдің энергия жүйелерінің параллель жұмысын қамтамасыз ететін шарттардың толық топтамасына қол қойылды - «KEGOC» АҚ

СТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің энергия жүйелерінің параллель жұмысын қамтамасыз ететін шарттардың толық топтамасына қол қойылды,

Қазақстан мен Ресейдің энергия жүйелерінің параллель  жұмысын қамтамасыз ететін шарттардың толық топтамасына қол қойылды - «KEGOC» АҚ

деп хабарлады «KEGOC» компаниясының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау мақсатында және 2009 жылғы қарашаның 20-сында жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Біртұтас энергия жүйелерінің параллель жұмысын қамтамасыз ету шаралары туралы үкіметаралық келісімге сәйкес,сәуірдің 30-ы күні төмендегідей шарттарға қол қойылды:

«KEGOC» АҚ мен «ФСК» ААҚ, «СО ЕЭС» ААҚ арасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергетикасы жүйелерінің параллель жұмысы туралы;

«KEGOC» АҚ мен «ФСК» ААҚ арасында Қазақстан Республикасының электр желілері арқылы электр қуатын жеткізу (ауыстыру) қызметін көрсету;

«KEGOC» АҚ мен «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ арасында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекаралары арқылы электр қуатын жеткізу кезінде туындайтын сағаттық ауытқулар көлемінің орнын толтыру мақсатында электр энергиясын сатып алу және сату.

Сондай-ақ 2009 жылдың аяғында «KEGOC» АҚ мен «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы өтетін электр қуатының мөлшерін сағаттық есепке алу тәртібі, күн сайынғы алмасымды ұйымдастыру мен сағаттық есепке алу мәліметтерін келісу туралы» келісім жасаған болатын.

- Екі мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы дәстүрлі серіктестік қарым-қатынасы сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Қазақстан мен Ресей басшыларының Біртұтас кедендік кеңістікті құру бағытындағы саясаты шеңберінде бүгінгі жасалған келісімдер осы энергия жүйелерінің параллель жұмысының экономикалық және технологиялық артықшылықтарын екі мемлекет тұтынушыларының игілігі үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деп атап көрсетті «KEGOC» АҚ Президенті Алмасадам Сәтқалиев.

Екі мемлекеттің біртұтас энергия жүйелерінің көрсететін өзара қызметтері коммерциялық негізге көшеді. Ресей жағы электр энергиясын қазақстандық желілер арқылы жеткізу/тасымалдауды ақылы негізде жүзеге асыратын болады. KEGOC АҚ өз кезегінде, Қазақстан аталмыш жүйенің жүйелік операторы ретінде нормативтік жиілікті қадағалау қызметіне ақы төлей бастайды. Осы уақытқа дейін қуатты (жиілікті) реттеу электр энергиясының транзитіне қайтарым ретінде жүзеге асырылып келген болатын. Шарттық міндеттемелердің болуы диспетчерлік қызмет жауапкершілігін арттыруға және екі мемлекет шекарасы арқылы өтетін электр энергиясы ағынының сальдосын қадағалауға ықпал етпек.

Энергия жүйелерінің бірлескен жұмысы бойынша жасалған келісімдер топтамасы инфрақұрылымдық сипатқа ие және Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да электр энергиясы нарығына енудің құқықтық негізін жасайды. Қарым-қатынастардың теңдестірілген деңгейі ұзақ уақыт бойы жүргізілген келіссөздер мен тараптардың тең құқықтық және өзара тиімділік принциптеріне негізделген әзірленген құжаттар бойынша келісімге келу нәтижесінде қамтамасыз етілді. Ресей Біртұтас энергия жүйе Қазақстанның Біртұтас энергия жүйесімен 2000 жылғы маусымның 15-інен параллель режімде жұмыс істеп келеді.