Қазақстан мен Ресейдің премьер-лига клубтарын Словения ойыншысы қызықтыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sports.kz порталының ақпараттары бойынша, премьер-лига клубтарының бірі қазіргі таңда Словенияның ұлттық құрамасы мен «Домжале» клубының футболшысы Амедей Ветрихты өз ұжымдарына тартуға тырысып жатыр.
26 жасар футболшы жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетеді және ол өз командасының жетекші ойыншысы. 2016 жылы ол Словения құрамасында алғаш өнер көрсетіп, Финляндия мен Сауд Арабиясы ұлттық командаларымен ойындар кезінде де ерекше көзге түсті.
Амедей Ветрихке Ресей премьер-лигасының клубынан да ұсыныс түскені белгілі. Алайда ол ұлттық чемпионатты өзінің алдына ауқымды міндеттер қойып отырған командада қалуды жөн көріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда оған Қазақстан клубымен келісімге келген әлдеқайда тиімді.