Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастардың жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.

Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді.