Қазақстан мен Румыния екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ

БУХАРЕСТ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Румыния ақпараттық технологиялар, инновация және агроиндустрия салаларында өзара әрекеттестікті кеңейтіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі.
None
None

Бұл мәселе ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың биылғы жылдың 14-16 желтоқсаны аралығында Румынияға жасаған сапарының маңызды бөлігі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер минстрлігінің бспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар шеңберіндегі іс-шаралар екі елдің аса мағыналы оқиғалары аясында өтті. Қазақстанда Елбасының биылғы жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында баяндалған бастамаларды жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар өріс алса, Румынияда 2018 жылы 1 желтоқсанда румын жерлері бірігуінің 100-жылдығына арналған мерейтойлар енді ғана аяқталды.

Бұл оқиғалар Румыниядағы жергілікті ресми және іскер топтары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулерде жан-жақты көтерілді.

Сапар барысында Румыния Парламенті Депутаттар Палатасы Төрағасының орынбасары Флорин Иордакемен кездесу өтті. Оның барысында соңғы жылдардағы парламентаралық ынтымақтастықтың дамуының жоғары деңгейі аталып өтті. Осы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және 2019 жылы «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достастық тобының төрағасы Бақытжан Ертаевтың басшылығымен Парламент Мәжілісі делегациясының Бухарест қаласына сапарын ұйымдастыруға екіжақты ұмтылыс білдірілді.

Румыния Үкіметі мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізілді. Ауыл шаруашылығы министрі Петру Даямен ағымдағы ахуал және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар 2019 жылдың екінші жартысында П.Даяның Қазақстанға сапарын өткізуге, сондай-ақ ҚР және Румыния Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісімдерді пысықтауға уағдаласты.

Р. Василенко Румынияның Коммуникациялар және ақпараттық қоғам министрі Александру Петрескумен ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласындағы өзара әрекеттестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында румын саясаткері өзінің қазақстандық әріптесі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа 2019 жылы Бухарест қаласына келуге шақырды. Сонымен қатар, тараптар ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қоюды пысықтауға уәделесті.

15 желтоқсанда қазақстандық делегация Трансильванияның ең ірі қаласы Клуж-Напокаға барып, Қазақстан мен Румыния өңірлері арасындағы байланыстарды дамыту перспективаларын талқылау үшін Клуж уездінің Префекті Иоан Керекешпен кездесу өткізді. Клуж және Муреш уездерінің іскер топтарымен келіссөздер аясында, Р. Василенко жергілікті іскерлік қоғамдастықты ҚР инвестициялық ахуалы және әлеуетімен таныстырып, румын кәсіпкерлерін Қазақстан нарығын игеруге және шетел инвесторларына ұсынылатын қаржылық және салықтық жеңілдіктерді пайдалануға шақырды.

Сондай-ақ қазақстандық дипломаттар Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең ірі ақпараттық технологияларды дамыту орталықтарының бірі болып табылатын Клуж-Напока қаласының IT-кластері қызметімен танысты. Кластер басшылығымен кездесу нәтижесінде Румынияға қазақстандық IT-хаб басшылығының сапарын және Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұйымдастыруды қоса алғанда, «Astana Hub» халықаралық технопаркімен бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сол күні ҚР Құрметті консулдығында Клуж-Напока қаласының түрлі университеттерінде оқитын қазақстандық студенттермен өткен кездесуде ақпараттық технологиялардың даму келешегі және жастардың осы үрдістерге қатысуы жайы қызу талқыланды.

Сонымен бірге, Р. Василенко өңірдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бірі «Актуаль де Клуж» газетіне сұхбат беріп, оның барысында сауда-экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде 2017 жылы Клуж-Напока мен Қарағанды қалалары арасында ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясындағы келешегін суреттеді.

Соңғы жаңалықтар