Қазақстан мен Сан-Марино ойыны басталды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Сан-Марино ойыны басталды. Кездесуді тамашалауға келген жанкүйерлер арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бар, деп хабарлайды Kazinform.

Осы ойын алдында Қазақстан құрамасының қоржынында 15 ұпай болғанын айта кету керек.
Бас бапкер Магомед Адиевтің шәкірттері 8 ойынның бесеуінде жеңсе, үш ойында жеңілген болатын.

Соның қорытындысында жинаған 15 ұпаймен үшінші орында тұр.
Ал топ басында әзірге Словения құрамасы. Олардың қоржынында 19 ұпай бар.
Екінші орында тұрған Дания құрамасының ұпай саны да 19.

Осының алдындағы ойында Қазақстан футболшылары Финляндия құрама командасын 2:1 есебімен жеңген еді.