Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашуға келісті
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, деп хабарлайды Kazinform ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының «FlyNas» әуе компаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.