Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция ратификацияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.