13:48, 14 Қазан 2016 | GMT +5
Қазақстан мен Сербия арасындағы Табыс салығына қатысты конвенция ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.