Қазақстан мен Швейцария арасындағы жақсы қарым-қатынас болашақта да дамып отыратын болады - Мишлин Кальми-Рей
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Швейцария Конфедерациясының Президенті Мишлин Кальми-Рей құттықтады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Мен үшін Швейцария Федеральді Кеңесінің атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүректен құттықтау үлкен мәртебе.
Елдеріміз арасындағы жақсы қарым-қатынас болашақта да дамып отыратындығына сенімдімін.
Швейцария Конфедерациясының Президенті
Мишлин Кальми-Рей
Берн,2011 жылғы 4 сәуір.