Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақордада Түрікменстан Президентімен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздің сапарыңыздың тарихи маңызы бар. Жаңа ғана жабық форматта біз ынтымақтастықты дамытудың ең өзекті мәселелерін талқыладық. Күн тәртібіндегі мәселелерге оң көзқарасыңыз үшін рахмет. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастық перспективаларына қатысты Сіздің барлық көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізге оң баға бердім», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі елді байланыстыратын бірқатар жалпы аспектіні атап өтті.

«Түрікменстан Қазақстан үшін бауырлас мемлекет саналады. Бізде ортақ дәстүр, ортақ тарих, шын мәнінде ортақ мәдениет бар», - деді ҚР Президенті.




Фото: t.me/bort_01



Соңғы жаңалықтар