Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымы спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Ербол Мырзабосынов
Фото: ҚР Туриз және спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен кездесті.

Аталған ведмствоның баспасөз қызметі атап өткендей, кездесу барысында тараптар Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан осы ұйымның белсенді қатысушысы ретінде бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға және түркі әлемін біріктіруге бағытталған бастамаларды қолдайды.

Ербол Мырзабосынов Түркі мемлекеттері ұйымы елдері арасында этноспорт бойынша тұрақты чемпионаттар мен турнирлер өткізуді ұсынды. Бұл іс-шаралар спорт байланыстарын нығайтуға және түркі халықтарының мәдени дәстүрлерін сақтауға көмектеседі.

«Бүгін түркі дүниесі үшін ауқымды әрі маңызды спорттық іс-шара – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын түркі халықтарының бірегей мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған аса маңызды оқиға ретінде қарастырады. Ойындар спорттық дәстүрлерді ілгерілетіп қана қоймай, халықтар арасындағы этникалық байланыстарды нығайта түсетініне сенімдіміз», - деді министр.

Ойындарға әлемнің 89 елінен келген 2700-ге жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады. Бәсекелер 21 спорт түрінен өтіп, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар
telegram