Қазақстан мен Түркия 68 тармақтан тұратын бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында бүгінгі Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен өткен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысында айтылды.

«Бүгін құрметті Фуат Октай мырзамен қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясының XII отырысын өткіздік. Түркия – біздің маңызды стратегиялық әріптесіміз. Тамыры бір, тарихы ортақ, бауырлас ел. Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр. Сондықтан біздің кездесуіміздің екі ел үшін де маңызы өте зор. Біз барлық салада стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне қол жеткіздік. Өзара сенімді диалог, белсенді іскерлік байланыстар біздің достығымыздың шынайы көрінісіне айналды. Үкіметаралық экономикалық комиссия отырысында екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқыладық. Қазіргідей күрделі кезеңде сауда-экономикалық байланыстарды әрі қарай дамытуға ерекше маңыз бердік»,- дейді аталмыш жиын хақында Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, 2021 жылы екіжақты сауда көлемі 33%-ке өсіп, $4 млрд құрады. Пандемия жағдайында бұл – өте жақсы нәтиже.

Дегенмен, мұнымен шектеліп қалуға болмайды. Екі елдің әлеуеті бұдан да зор.

Сондықтан көп мәселе қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясының жұмысына да байланысты болады.

«Біз бүгін 68 тармақтан тұратын Бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдадық. Онда сауда, өнеркәсіп, инвестиция, көлік пен транзит және тағы басқа салалар қамтылды. Сөзімнің соңында Түркияның мәртебелі вице-президентіне қазақ-түрік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға атсалысқаны үшін тағы да алғысымды айтқым келеді. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі қазіргідей күрделі кезеңде бірлігімізді нығайтуға және бауырлас халықтарымыздың мүддесіне қызмет ететініне сенімдімін» дейді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар