Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны артады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қатынай бастайды. Бұл туралы ҚазАқпарат ИИДМ сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны артады

«Turkish Airlines» түрік әуе компаниясы ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бастап А-320 және Б-737 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы жылдың 5 желтоқсанынан бастап Астана және Анкара қалаларына арасында аптасына 2 рейс жиілігімен жаңа рейс қатынайтын болады.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.