Қазақстан мен Түркия әскери саладағы құпия ақпараттарды өзара қорғауға келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған арасындағы келіссөздерден кейін екі елдің арасында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР  Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен Түркия Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Ал ҚР  Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Улуси Акар екі құжатты рәсімдеді. Олар: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы  және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы әскери саладағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімдер.

Мұнан бөлек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмед Ерсой  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру және олардың қызметі туралы келісімге қол қойды. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Түркия Сыртқы істер министрі  Мевлут Чавушоглу «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасы жоспарын өзектендіру хаттамасына рәсімдеді.

Соңғы жаңалықтар