Қазақстан мен Түркия ғалымдары ауыл шаруашылығы саласында бірлесіп зерттеу жүргізіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Екі ел арасында ғылыми серіктестік бар. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді.

жас ғалым
Фото: Kazinform

— Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми серіктестік жолға қойылған. Біздің ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары түркиялық әріптестерімен бірлесіп жұмыс істейді. Тұқым өндірісі, селекция бағыттарында ортақ зерттеулер мен жобалар жүзеге асып жатыр, — деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, ортақ бастамаларды атқару мұнымен тоқтамайды.

— Бүгінгі отырыста үкіметаралық келісімшартқа қол қойылды. Іс-қимыл жоспары бекітілді. Соның ішінде, ауыл шаруашылығына қатысты бірнеше бағыт қамтылған. Бұл саладағы бірлескен жұмыстарды жалғастырамыз, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Түркия арасында ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымы артып келе жатқанын жазғанбыз.