Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады

АНКАРА. ҚазАқпарат - Бүгінгі ресми шаралардан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Telegram парақшасында мәлім етті.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр.

Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.

Оның нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында 14 маңызды құжатқа қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.

Күннің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.