Қазақстан мен Түркияның пластикалық хирургтары жақ-бет патологияларының зардабын шегіп жүрген балаларға 40-тай операция жасауды жоспарлап отыр

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бір апта бойы - қазанның 17-сі мен 23-і аралығында Қазақстан мен Түркияның пластикалық хирургтары жақ-бет патологияларының зардабын шегіп жүрген балаларға 40-тай операция өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Түркияның пластикалық хирургтары жақ-бет патологияларының зардабын шегіп жүрген балаларға 40-тай операция жасауды жоспарлап отыр

Балаларға көмек балалардың бет-жақ хирургиясына арналған мастер-класс барысында жасалады. Оның жұмысына танымал пластикалық хирургтер - Айжан Қайықшыоғлы (Хаджеттепе Медициналық университеті клиникасы, Анкара, Түркия), Эйваз Латипов (Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан) қатысады.

«Мастер-кластар барысында кепілдендірілген тегін медицналық көмек ауқымы аясында түрлі бет-жақ патологиялары бар 30-40 ауру баланы жедел емдеу жоспарланған», - делінген баспасөз ақпаратында. Сонымен қатар мастер-класс барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 15 пластикалық хирург оқыту курстарынан өтеді.