Қазақстан мен Түркияның Ыстанбұлға жетуі тиіс бірқатар рейстері тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ататүрік әуежайынан Ыстанбұл әуежайына көшу шараларына байланысты Қазақстан мен Түркияның бірқатар рейстері тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Түркияның Ыстанбұлға жетуі тиіс бірқатар рейстері тоқтатылды

2019 жылдың 5 сәуірінде Ыстанбұл уақыты бойынша, сағат 03-00-де жолаушылар рейстерін «Istanbul Atatürk Airport» әуежайынан жаңа «Istanbul Airport» әуежайына көшіру жұмыстары басталды. Аталмыш шараларды 6 сәуір күні Ыстанбұл уақыты бойынша сағат 23-59-ға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Осылайша, «Istanbul Atatürk Airport» әуежайы биылғы жылдың 6 сәуірі күні Ыстанбұл уақыты бойынша, сағат 02-00-ге дейін жұмысын тоқтатады. «Istanbul Atatürk Airport» әуежайы жұмысын тоқтатқан соң, барлық коммерциялық ішкі және халықаралық жолаушылар рейстері 2019 жылдың 6 сәуірі күні сағат 14-00-ден бастап, «Istanbul Airport» әуежайы арқылы ұшырыла бастайды.

Осы жұмыстарға баланысты бірқатар қазақстандық және түркиялық әуе компанияларының Ыстанбұлға ұшуы тиіс рейстері тоқтатылды.

«Жолаушыларда аталған мәселеге назар аударуға шақырамыз»,-делінген хабарламада.