Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Батыр Амановпен және Түрікменстанның Мемлекеттік министрі – «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесті.

Энергетика министрлігі
Фото: Энергетика министрлігі

Кездесуде тараптар газ саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. 

газ
Фото: Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігінің басшысы А.Сәтқалиев бірлескен күш-жігердің арқасында елдер өзара тиімді ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығара алатынына сенім білдірді.

Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша елдердің газ саласындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында Түрікменгаз бен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында ниет туралы Меморандумға қол қойды.