Қазақстан мен Түрікменстан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты күшейтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті.

Қазақстан
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

— Аталған келісімге 2024 жылғы қазанда Ашхабад қаласында қол қойылды. Келісім екі ел арасындағы ұйымдасқан қылмыскерлікке, есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға, адам саудасына және басқа да қылмыс түрлеріне қарсы күрес жолында ынтымақтастықты күшейтуге бағыталған. Сонымен қатар, құжат аясында құзыретті органдардың өзара іс-қимыл жасау нысандары мен шарттары анықталды. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат Снежанна Имашева.

Еске салсақ, жақында Парламент Мәжілісі «Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияны өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар