Қазақстан мен Украина өзара құқықтық көмек көрсетуге уағдаласты

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Украинаның Әділет министрі Павло Петренко қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы шарттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Украина өзара құқықтық көмек көрсетуге уағдаласты

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, аталған шарттар екі елдің құқық қорғау органдарына олардың әрқайсысының аумағында қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттер жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тарту үшін адамдарды экстрадициялауға мүмкіндік береді.

Мұндай келісімдерді жасау қылмысқа қарсы іс-қимылдар мен азаматтардың құқықтарын қорғау саласында тиімді ынтымақтастық жасау үшін қажетті құқықтық база құратындығы аталып өтті.

Кездесу барысында шетелдік әріптестер Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысымен, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді цифландыру жобаларымен танысты. Сонымен бірге министрге халықаралық ынтымақтастық саласындағы қадағалау органының қызметі туралы хабар берілді.

null

null

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау және сотталғандарды беру саласына қатысты 60-қа жуық екіжақты халықаралық шарт жасасқан.
null