18:07, 24 Сәуір 2024 | GMT +5
Қазақстан мен Ұлыбритания сыртқы саяси ведомстволары басшыларының келіссөздері басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Ұлыбританияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының келіссөздері басталды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында Мұрат Нұртілеу мен Дэвид Кэмеронның шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қойылады.
Осыған дейін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келгені хабарланды.