Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастықтың жаңа салаларын белгіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін Астанада саудада-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастықтың жаңа салаларын белгіледі

«Қазақстан үшін Ұлыбритания Еуропадағы негізгі әрі стратегиялық серіктестердің бірі болып отыр. Ширек ғасыр уақытта екіжақты қарым-қатынастардың жоғары қарқынын атап өткім келеді. Жыл сайын осы форматтағы кездесулер біздің өзара байланыстарымызды нығайта түсуде, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастарды ілгерлетудің жаңа тетіктері көзделуде», - деп тоқталды ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясы аясында 4 жұмыс тобы бар. Бұл бағытта айтарлықтай қызу пікірталастар өтуде.

«Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның 10 үздік сауда серіктестерінің тобына кіреді. 2017 жылдың қортындысына сүйенсек, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2 пайызға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Әрине, бұл тұрғыда біздің әлеует айтарлықтай жоғары. Осы орайда үкіметаралық комиссия мүмкіндігімен сауда қатынастарына қосымша қарқын беруге мүдделіміз», - деді Жеңіс Қасымбек.

null  

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда британдық капиталдың қатысуымен 400-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Отырыс барысында мұнай-газ, қаржы, тау-кен салаларынан бөлек, жаңартылған энергия көздері, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату бағытындағы әлеуетті жобалар талқыланды.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде 743,4 млн АҚШ долларын құрады. 

null null