Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі сэр Алан Данканмен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында тараптар елдеріміз арасында қалыптасқан стратегиялық серіктестік контекстінде екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуына ерекше көңіл бөлінді. Астана халықаралық қаржы орталығының сәтті түрде іске қосылуы ризашылықпен аталып кетті. Британдық саяси қайраткер Қазақстанды «ЭКСПО-2017» көрмесін ойдағыдай өткізгенімен құттықтады. Астанадағы Ұлыбританияның павильоны аталған елдің болашақ энергияның дамуына қосып отырған үлесі айқын.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін және бұл маңызды халықаралық құрылымдағы ҚР-дың 2018 жылы төрағалығын ескере отырып, халықаралық күн тәртібінің ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар Сириядағы ахуалды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен өтетін Астаналық процесстің түрлі аспектілерін жіті қарастырды.

Британ тарапының назары Төмен байытылған уран банкінің ғимаратын ашу қарсаңында Мемлекет басшысының ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды сынауға тыйым салу арқылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жаһандық бастамаларына аударылды.

Сонымен бірге түрлі деңгейде жоспарланған екіжақты кездесулер мен іс-шаралар кестесі, сондай-ақ бірқатар халықаралық құрылымдарға сайлау үдерісі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар