Қазақстан мен Үндістан серпінді жобаларды жүзеге асыруда бірлесе зерттеулер жүргізбек.

АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстан мен Үндістан ғылыми маңызға ие бағыттар бойынша бірлесе зерттеулер жүргізбек. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз маслихатында техникалық ғылымдардың докторы, белгілі ғалым Бағдаулет Кенжелиев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қаңтардың 13-і мен 19-ы аралығында профессор Б. Кенжалиев бастаған бір топ қазақстандық ғалым үндістандық әріптестерінің шақыртуымен жетекші ірі ғылыми және білім беру орталығы болып саналатын Бангалор қаласындағы Үндістан ғылымдар институтында (Indian Institute of Sciens IIS) болды. Бұл сапар Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму және әлемнің анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына ену стратегияларын жүзеге асыруға арналған міндеттерді орындау аясында жасалды. Қаңтардың 15-і ? 16-сы күндері Үндістан ғылымдар институтында Қазақстан-Үндістан конференциясы өтті. Бұл басқосуда екі ел арасында ғылыми әріптестікке қол жеткізудің келешегі талқыланды. Тараптар серпінді жобаларын таныстыру мақсатымен ғылыми баяндамалар жасады. Конференцияда нанотехнология, биотехнология, ғарышты зерттеу, ІТ технология, электрохимия, металлургия және мұнайхимия секілді салаларда бірлесе әрекет етудің қажеттілігі айқындалды. Бағдаулет Кенжалиевтің айтуынша, Үндістанға сапар кезінде маңызды бағыттар бойынша бірлесе зерттеулер жүргізу жайы екі елдің ғалымдары үшін де басты назарда болды. «Конференция мен қазақстандық делегация сапарының қорытындысы бойынша сәйкес меморандумға қол қойылды. Бұған қоса, серпінді бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізудің жеті жобасы нақтыланды. Мысалы, үндістандық тарап еліміздің наноэлектроника саласында жаңа типтегі мониторлар жасау жобасына аса қызығушылық танытып отыр. Үндістан ғылымдар институтының өкілдері сол елдің ғылыми-техникалық базасын қолдана отырып, аталған технологияны жасауды жалғастыру туралы ұсыныс айтты. Айта кететін жайт, Үндістанда ғылыми жобаларды жүзеге асыратын заманауи құрал-жабдықтар базасы аса күшті. Ал бізде идеяшыл, тапқыр ғалымдар жеткілікті. Сондықтан екі жақты ғылыми әріптестіктің берер пайдасы мол болады деген сенімдемін», дейді Б. Кенжалиев.
Соңғы жаңалықтар