Қазақстан мен Үндістан сотталғандарды бір-біріне бере алатын болады - Мәжіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған келісімге 2015 жылы 8-шілдеде Астана қаласында қол қойылған болатын.

Қазақстан мен Үндістан сотталғандарды бір-біріне бере алатын болады - Мәжіліс

Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Үндістан әр Тараптың соттарымен бас бостандығынан айырылған адамдарды өзінің азаматы болып табылатын мемлекетке жазасын өтеу үшін беруге міндеттенеді. Келісімге сәйкес, беруші Тарап қана қайта қарау туралы кез келген өтініш бойынша өз үкімін қайта қарауға құқылы болады, өйткені бұл мәселе сотталған адамға қатысты үкімді орындаушы Тараптың тиісті органдарының құзыретін жатады. Ал олар сот немесе әкімшілік шешімдер шығаруға құқылы болып табылады. Бұдан бөлек, келісімге сәйкес, сотталған адамды қылмыстық қудалауға немесе беруші тарапта жазаның тағайындалуына әкеп соққан нақ сол әрекеттері үшін сот жауаптылығына тартуға жол берілмейді.

Құжатта сотталған адамдардың транзиті мәселесі де қарастырылып отыр.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.