Қазақстан мен Үндістан байланысы: Тоқаев негізгі көрсеткіштерді атады

НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Токаев пригласил Премьер-министра Индии в Казахстан
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді БРИКС саммитінің табысты өтуімен құттықтап, халықаралық ауқымдағы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді. Президент әлемдік экономикада көшбасшылардың бірі саналатын Үндістанның ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне және халықаралық аренадағы зор беделіне тоқталды.

— Үндістан Сіздің парасатты әрі тегеурінді басшылығыңызбен прогресс пен орнықты даму жолында алға қарай нық қадам басып келеді, — деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ-үнді қарым-қатынасы көптеген бағытта қарқынды ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

— Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының үлесі бар 600-дей компания нәтижелі жұмыс істейді. Былтыр елімізге 150 мыңға жуық Үндістан азаматы келді. Қазақстанда көптеген үнді студенттері білім алып жүр. Сондай-ақ біз халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысқанын жазғанбыз.