Қазақстан мен Вьетнам қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсетуге уағдаласты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасына Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.