Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Тараптар Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастығының, сонымен қатар алдағы Үкіметаралық комиссиясының 5-отырысын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады», делінген хабарламада.
Бұдан басқа, елдер арасында одан әрі жемісті ынтымақтасу мақсатында қазақ-венгр стратегиялық кеңесінің құрылтай отырысын және Үкіметаралық комиссия шеңберінде екі елдің бизнес форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.