Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты университет мәртебесін алды

"Университеттің жаңа мәртебесі ҚМЭБИ-ге әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны жетістіктерінің мақсатына қарай қадам баса отырып, өзіміздің студенттерімізге бұдан да сапалы білім беруге мүмкіндік береді ", - деді ҚМЭБИ Президенті, д-р Чан Йан Бэнг. Оның айтуынша, Университет мәртебесі магистратура мен докторантура аясындағы білімдік бағдарламаларының өрісін кеңейтуге мүмкіндік бермек.
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің екінші курс студенті Нұрсағатова Нұргүл: " ҚМЭБИ-дің университет болғанына мен қатты толқып отырмын - енді менің алдымнан бұдан да көп мүмкіндіктер ашылмақ және менің дипломым бұдан да құнды болмақ ", - деп өз қуанышымен бөлісті.
Университет қуанышымен оқу орнының әріптестері мен серіктестері және түлектері құттықтады.
ҚМЭБИ (КИМЭП) Университеті коммерциялық емес жоғары оқу орны. Оның миссиясы жоғары білімді азаматтарды дайындау және іскер әкімшілдік пен әлеуметтік ғылымдардың әр түрлі саласында оқыту, оқу және терең зерттеу, сонымен қатар қоғамдық пайдалы еңбек жүргізу арқылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы өмір сапасын жақсарту болып табылады. Бұған қосымша, ҚМЭБИ шетелдік студенттер мен оқытушыларды тарту, басқа елдермен байланыстарды дамыту арқылы халықаралық қоғамдастыққа қызмет етеді. Оқу орны бизнес, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік басқару, саясаттану, халықаралық қатынастар, құқық, журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық деңгейдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын ұсынады.