Қазақстан менің - Отаным - Шерәлі Абдурасулов

Шерәлі Абдурасулов
Фото: Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістанда алты тіл білетін полиглот полицей тұрады.

Түркістан қаласының тұрғыны Шерәлі Абдурасулов туристік полицияда қызмет етеді. 35 жастағы аға лейтенантқа жүктелген негізі міндет – Түркістанға келген туристерге қызмет көрсету, қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тыныштықты сақтау. Бұл бағытта инспектор абыройлы қызметімен көрініп келеді. 

«Кесене маңы болғандықтан мұнда ұрлық фактілері, құқықбұзушылықтар көп орын алмайды. Көбінесе келген туристер заттарын жоғалтып алып жатады немесе мекен–жайдан адасып кетеді. Сол кісілерге қызмет көрсетеміз. Бірде өзбекстандық әжейдің жоғалған киімдерін тауып бердік. Сондай–ақ, адасып қалған Қырғызстан азаматын автовокзалға жеткізіп салдық. Ақшалырын жоғалтып алған түрік азаматына да көмектестік» – дейді тәртіп сақшысы.

Шерәлі Бахадүрұлы алты тілде еркін сөйлейді. Қазақ, өзбек, орыс, қырғыз, тәжік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Қазір қытай тілін үйренуге ынталанып жүр. Яғни, қалаға келген туристерменде ортақ тіл табыса алады. 

«Біздің туристік полицияда полиглоттар жұмыс істейді. Содан баршамыз шет тілдерін үйреніп алғанбыз» – дейді аға лейтенант.

Шерәлі үнемі қазақтың салт–дәстүрін берік ұстанады. Үйде ұлттық тағамдар дастарханнан үзілмейді. Құрт пен ірімшікті қалтасына салып алатын кездері көп. 

Ал, аптасына екі рет бешмармақ дайындау Абдурасуловтар шаңырағы үшін үйреншікті дүниеге айналған. 

«Қазақстанда туып өстім. Қазақ тілін – ана тілім деп білеміз. Ал, бешбармақ сүйікті асымыз. Аптасына екі рет ет асып, қамыр жейміз. Одан басқа да салт дәстүрлерді берік ұстанамыз. Осындай ынтымақты ұран, бірлікті ту еткен елде тұрып жатқанымызды мақтан тұтамын. Қазақстан менің – Отаным» дейді ол.

Соңғы жаңалықтар