Қазақстан мерзімді қызметтегі сарбаздардың санын арттырады -Д. Ахметов

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан мерзімді қызметтегі сарбаздардың санын арттырмақ.
None
None
Бұл туралы бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Үйлестіру комитетінің отырысында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміздің жұмылдыру ресурсын арттыру мақсатында алдағы үш жылда мерзімді қызметтегі сарбаздардың саны айтарлықтай артатын болады», -деді министр. Д. Ахметов Қазақстан келісімшартпен қызметте жүрген жауынгерлердің пайыздық арасалмағын арттыруға асықпайтынын атап өтті. Министрдің айтуынша, жақында жасалған талдау жұмыстарында келісімшарттағы қызметкерлерінің санын арттыру жұмылдыру ресурстарының дайындығына кейде кері әсер ететіні байқалған.
Соңғы жаңалықтар