Қазақстан ММА федерациясының батырлары Азия чемпионатына дайындалып жатыр (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурабайдағы оқу-жаттығу кешенінде МАА аралас жекпе-жек бойынша ІІІ Азия чемпионатының алдындағы Қазақстан құрамасының соңғы жаттығуы аяқталды. ММА Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Хвасун қаласында 6-7 тамыз күндері өтетін биылғы чемпионатқа Оңтүстік Корея республикасы қатыспақшы.

Қазақстан ММА федерациясының батырлары Азия чемпионатына дайындалып жатыр  (ФОТО)

7 салмақ дәрежесі бойынша аралас жекпе-жек өнерінің ең мықты 14  шебері Қазақстан Республикасының намысын қорғамақ. Қазақстан құрамасының бас бапкері Баян Жаңғаловтың айтуынша, спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде. Сол арқылы құрама Азия елдерінің арасында көшбасшының орнын сақтап қалуды мақсат етіп отыр.  
Естеріңізге сала кетейік, ММА бойынша Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаттарында 2013 жылы, 2014 және 2015 жылдары екінші орын иеленген. Азия чемпионатында соңғы екі жылдан бері Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орынды бермей келеді. 

null null null null