Қазақстан молдовалық бизнесменге қарсы сотты жалғастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан молдовалық бизнесмен Анатолий Стати және оның ұлы Габриель Статиге, сондай-ақ Ascom Group S.A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd компанияларына қатысты сот талқылауын жалғастырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстан Республикасы соңғы төрт жыл бойы Молдова азаматы Анатолий Стати мен оның ұлына, сондай-ақ олардың компанияларына қатысты шетелдік сот талқылауларына тартылып келеді. Стати 4 миллиард АҚШ долларынан астам соманы талап етіп сотқа шағым түсірген.

Швецияның Стокгольм қаласында 2013 жылғы 19 желтоқсанда дауды қараған Арбитраждық төрелік Статилердің пайдасына 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы соманы өндіру шешімін шығарды. Қазақстан көп кідірмей бұл шешімнің үстінен шағым түсіріп, 2014 жылғы 19 наурыздағы Стокгольмдегі «Свеа» Апелляциялық сотында оның күшін жоюды талап етті.

Сот процесінде Қазақстан АҚШ сот органдарына, Латвия құқық қорғау органдарына жүгініп, Статилердің Қазақстанда көп жылдар бойы алаяқтық схемаларға қатысқанын дәлелдейтін материалдарды алды.

Швед апелляциялық процесінде Статилердің алаяқтық фактілері туралы дәлелдер қаралмастан, «Свеа» 2016 жылғы 9 желтоқсанда арбитраждық шешімді күшінде қалдырды.

Қазақстан тарапы Швецияның Жоғарғы сотына апелляциялық сот шешімінің үстінен шағым түсірді. Апелляциялық процесс жүріп жатқан тұста арыз берушілер арбитраждық шешімнің мойындалуы және орындалуына қол жеткізу мақсатында Колумбия Округі сотына (Вашингтон) өтініш тапсырады. Қазақстан Статилердің бұл әрекеттеріне наразылық білдірген соң АҚШ Соты сот процесін тоқтатып, Статидің өтінішін қабылдамады.

Статилер, сондай-ақ арбитраждық шешімді мойындау және орындау бойынша Англия Жоғарғы сотындағы сот процесіне бастамашыл болды. Одан кейін Қазақстан мәжбүрлі орындау бойынша анықталған айғақтарды ағылшын процесіне ұсынғаннан соң, сот Қазақстан Республикасының позициясын қолдады.

2017 жылғы 6 маусымда Англия Жоғарғы соты Қазақстан Статилердің арбитраждық шешімге алаяқтық жолмен қол жеткізгенін көрсететін жеткілікті дәлелдерді келтірді деген қорытындыға келіп, сот процесін белгіледі. Бұл процесс әлі күнге жалғасуда. Осыдан кейін АҚШ пен Англияда арбитраждық шешімді мойындау бойынша қиындықтарға душар болған Статилер ағылшын сотының шешімі туралы ақпаратты мәлімдеусіз, алдын ала қамтамасыз ету шаралары үшін АҚШ (Нью-Йорк), Швеция, Нидерланды, Люксембург сот органдарына жүгінеді. Бұл процестер екі не одан да көп жылға созылуы мүмкін. Сонымен қатар Швеция және Нидерланды сот атқару органдары қабылдаған қамтамасыз ету шаралары алдын ала сипатқа ие.

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні Қазақстан Республикасы АҚШ-тың ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңына сәйкес, Колумбия округінің Вашингток Округтік сотына Статилерге қарсы азаматтық қуыным берді.

Соңғы жаңалықтар