Қазақстан мұнай өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастыруд­а

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, ОПЕК+ алдындағы міндеттемелердің сақталуына мониторинг жүргізуді және мұнай өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастыруд­а, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мұнай өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастыруд­а

Ведомство мәліметіне сай, Қазақстанда соңғы уа­қытта әртүрлі себепт­ерге, оның ішінде эн­ергия көздеріндегі аварияларға, сондай-ақ кен орындарында ағ­ымдағы және күтілетін жоспарлы жөндеу жұ­мыстарына байланысты өндірудің төмендеуі байқалуда, бұл тұта­стай алғанда республиканың ОПЕК+ келісімі аясында өзіне қабылдаған міндеттемелерді сақтау жөніндегі ниеттерін іске асыруға ықпал етеді.

​«Бұл ретте, республика мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, міндеттемелердің сақталуына мониторинг жүргізуді және өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастыруд­а» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан 2024 жылдың соңына дейін өндірілетін мұнай көлемін тәулігіне 78 мың тоннаға азайтатыны туралы жазған едік. Себебі ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруге қойылған шектеуді 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келіскен болатын.