Қазақстан мұнай өндіру қарқынын үдетеді - Қ.Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай өндіру саласы Қазақстан бюджетінің кіріс көзі болып қала береді. Бұл туралы бүгін жанар-жағармай кешені мен экология жөніндегі қоғамдық кеңестің есеп беру кездесуінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
None
None

«Мұнай өндіру саласы бюджетке түсім әкелетін көздердің бірі болып қалара береді. Елдің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының басты міндеттеріне сай, мұнай шығару қарқынын одан әрі үдету көзделген. Сондықтан, біз 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемін тұрақтандыра отырып, оның көлемін арттырамыз», - деді Қ.Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, еліміздегі «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» сияқты компаниялар мен «Қашаған» кен орны мұнай өндіру көлемін үдететін негізгі өндірістер болмақ.

«Қалған кен орындарының бәрі орта мерзімде мұнай өндірісін азайтады», - деді Қ.Бозымбаев. Ведомство басшысы сондай-ақ дағдарыс кезінде салалық кәсіпорындарға салықты төмендету түрінде қолдау көрсетілгенін жеткізді.

«Бұл жұмыс әлі тоқтаған жоқ. Көптеген кәсіпорындар пайдалы қазба шығаруүшін төлейтін салыққа жеңілдік алып отыр», - деді Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар