Қазақстан мұнай өндірудің «ТОП-12» әлемдік рейтингінде ұзақ мерзімде қалуды көздейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұнай өндірудің «ТОП-12» әлемдік рейтингінде ұзақ мерзімде қалуды көздейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
None
None

Брифинг Елбасы айқындаған «100 қадам» Ұлт жоспары аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы ілгері реформалар тақырыбында өткен болатын.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, «100 қадам» Ұлт жоспары аясындағы реформалар арқасында еліміздің геологиялық барлау салаларына алдыңғы қатарлы технологиялар трансферті қамтамасыз етіледі. Мұнай және газды барлау бойынша перспективалық бағыттар ашылатыны күтіледі. Бұдан бөлек, мұнай-газ саласына, осы саламен байланысты экономиканың сервистік, инфрақұрылымдық бағыттарына инвестициялар тарту үшін жағымды ахуал қалыптаспақ.

«Нәтижесінде елімізде дәлелденген пайдалы қазбалар қоры ең кемінде екі есеге артады. Айта кетейік, бұл көрсеткіш бүгінгі күні 3,9 млрд. тоннаға бағаланып отыр. Сонымен қатар, экономикалық қиындықтар ықтималдығы жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізбек. Мұнай өндірудің жоғары деңгейін ұстап тұруға ұзақмерзімді қолдаулар жасалады және біз ұзақ мерзімде әлемдік рейтингте «ТОП-12» тобында қалуға ниеттіміз», - деді Ұ. Қарабалин.

Оның айтуынша, бес реформа аясында атқарылатын шаралар мұнай-газ саласының ашықтығын қамтамасыз етіп, пайдалы қазбалар көрсеткішінің артуына, Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы барлау, өндіру жұмыстарына инвестициялық климаттың артуына жол ашады.

Соңғы жаңалықтар