Қазақстан мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев Бакуде бірқатар кездесулер өткізді

БАКУ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мирзағалиев және ҚР ӘР-дағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Амангелді Жұмабаев Бакуде әзірбайжан-қазақстан үкіметаралық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық бойынша кезекті отырысын өткізу шеңберінде үкіметаралық комиссияның тең төрағасымен, ӘР энергетика министрі Натиг Алиевпен және ӘР экономика және өнеркәсіп министрінің орынбасары Севиндж Гасановамен кездесу өткізді.

Қазақстан мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев Бакуде бірқатар кездесулер өткізді

Кездесу барысында өткен жылы Астанада өткен үкіметаралық комиссияның IX отырысының қорытындылары талқыланды, сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынасты соның ішінде энергетика, мәдениет, ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша қарым-қатынасты нығайту және дамытуға ниет білдірілді.

Сонымен қатар, Әзірбайжан және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде дамып келе жатқаны атап айтылған.

Қазақстан мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев Қазақстанның Әзірбайжанмен машина құрастыру, екі елдің экономикасына өзара инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастықтың белсенділігін арттыруға мүдделі екенін атап айтты, сондай-ақ Әзірбайжан жағын 2017 жылы Астана қаласында дүниежүзілік EXPO көрмесін өткізуге белсенді қатысуға шақырды.

ҚР ӘР-дағы Төтенше және Уәкілетті елшісі А. Жұмабаев сондай-ақ, екі бауырлас елдің экономикалық ынтымақтастығын ұлғайту және ҚР және ӘР кәсіпкерлері арасындағы байланыстың белсенділігін арттыру қажеттігін айтты.

«Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін көп іс атқардық, алайда Қазақстан және Әзірбайжан әлеуеті ағымдағы көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары және біз осы мәселені шешуге ниеттіміз» - деп атап айтты А.Жұмабаев.

Әзірбайжан энергетика министрі Н.Алиев соңғы уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы 42%-ға өскендігін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, энергетика Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

«Әзірбайжан «Баку-Тбилиси-Джейхан» және басқа құбырлар арқылы әлемдік нарыққа өнім жеткізуге болатын Қашаған ірі кен орнының пайдалануға берілуін асыға күтуде», - деп мәлімдеді Н.Алиев.