Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау қайта жанданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттауды қайта жандандырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жауап беру барысында мәлім етті.

Мекеме деректеріне сәйкес, 2017 жылдың басынан бері Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырымен 90 мың тонна қазақстандық мұнай экспортталған. Ал өткен жылы Батуми мұнай терминалы арқылы қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданбаған.

 «Батуми мұнай терминалы арқылы әрі қарай өнім тасымалдау үшін «ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты негізде көліктік дәліздің барлық қатысушыларымен, соның ішінде Әзербайжанмен және ықтимал жүк жіберушілермен сәйкес жұмыстар жүргізеді,.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігі Ақтау портын жекешелендіруге қатысты пікір білдірді.

«Ақтау портын жекешелендірудің қазақстандық мұнайды Әзербайжан арқылы тасымалдауға еш ықпалы тимейді», - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Еске сала кетсек, 2015 жылға дейін Қазақстан өз мұнайын Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырымен және темір жол арқылы Бакуден Грузияның қаратеңіздік порттарына дейін тасымалдаған еді. 

Соңғы жаңалықтар