Қазақстан мұражайларында бір жылдың ішінде 4,8 миллион адам болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлем ең маңызды мәдени мерекелердің бірі - Халықаралық мұражайлар күнін атап өтеді.
Мереке 1977 жылы пайда болды - Мұражайлардың кезекті халықаралық кеңесінде осы күнді мереке ретінде белгілеу ұсынылды. Ал келесі 1978 жылдың өзінде оны мерекелеуге 150-ден астам ел қатысты.
1992 жылы Халықаралық мұражайлар кеңесінің басшылығы бұл күнді белгілі бір тақырыпта өткізуді ұсынды. Содан бері Халықаралық мұражайлар күні белгілі бір тақырып аясындағы іс-шараларды ұйымдастырылады. 2014 жылғы Халықаралық мұражайлар күнінің тақырыбы «Мұражай коллекциялары құрған байланыстар» деп аталады. Өйткені мұражай ұрпақтар мен әлемдік мәдениеттер арасын жалғастыратын мекеме. Бұл күні Қазақстан мұражайларында әртүрлі экскурсиялық турлар және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылады. Нақ осы мұражайлар мәдениетаралық және ұлтаралық байланыстарды тиімді жалғастыра алады, алуан түрлі мәдениеттер мен халықтардың рухани және мәдени бірлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі мәдениет үшін маңызды осы саланы дамытуға баса көңіл бөліп отырады.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 1995 жылы Қазақстанда барлығы 87 мұражай болды, сол жылы оларға 2,5 миллион адам келді. Содан бері мұражайлар саны 2,6 есе өсті - 2013 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда 224 мұражай жұмыс істеді. Мұражайлар санының өсуімен қатар оларда болған келушілер саны да арта түсті - өткен жылы республика мұражайларында 4,8 миллионнан астам келушілер болды.