Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді

АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат / - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дінімізді көркем сөзбен өрнектеп, кеңінен насихаттау мақсатында діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Мүшәйра мына тақырыптарды қамтып өткізіледі:

1. «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десейші»;
2. «Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллаллаху алейхи уәсәлләм)»;
3. «Көркем мінез - көркіміз»

Жыр сайысына түсетін өлеңдерді танымал ақын-жазушылар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы сараптайтын болады. Осыған орай ниет білдірген ақындар 2010 жылғы мамырдың 1-іне дейін muftyat@mail.ru электронды поштасына өлеңінің толық нұсқасын жіберуі тиіс. Мүшәйра шарттары бойынша бәйгеге түсетін өлеңнің көлемі екі беттен аспайтын әрі ақынның өлеңдерінің мәтіні бұрын жарияланбаған болуы тиіс.

Мүшәйраның жүлделері:

І орын - Үлкен қажылық;

ІІ орын - Умра қажылығы;

ІІІ орын (3 ақынға) - 150 000 теңгеден;

Ынталандыру сыйлығы (5 ақынға) - 50 000 теңгеден.

Сонымен бірге, мүшайра жеңімпаздары арнайы ұйымдастырылған діни әндер фестивалінде марапатталады. Марапаттау кешіне еліміздің зиялы қауым өкілдері, әйгілі әншілер мен атақты сазгерлердің қатысуы жоспарланып отыр. Сәтті жазылған өлеңдер әуенмен әрленіп, әйгілі әншілерге орындауға беріледі.