Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында бірқатар тағайындаулар болды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында бірқатар тағайындаулар болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында бірқатар тағайындаулар болды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен:

Құлмұхаммед Маханбет өз өтініші бойынша Алматы Орталық мешітінің Бас имамы қызметінен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни істер бөлімінің меңгерушісі әрі қоғамдық негізде Дінбасының кеңесшісі болып тағайындалды;

Нұрбек Есмағанбет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының атқарушы директоры қызметінен босатылып, Алматы Орталық мешітінің Бас имамы болып тағайындалды;

Әлішер Спанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, діни басқарма жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

Ербол Қосбағар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни істері бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.