Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жаңа тағайындаулар болды
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің бұйрығымен Нұрбек Әуезханұлы Есмағанбет өз өтініші бойынша ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі және облыстық орталық "Иманғали" мешітінің бас имамы қызметтерінен босатылып, Алматы қалалық Орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалды.
Сондай-ақ Амантай Әбілдаұлы Сәдиев Атырау қалалық "Құспан молла" мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы және облыстық "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.