Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

АЛМАТЫ. 26 маусым. ҚазАқпарат - «Барлығымыздың илегеніміз бір терінің пұшпағы. Біз елдің амандығы мен болашағымыз үшін бірге қызмет етіп жатырмыз деп ойлаймын».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы журналистердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ізгілік жаршысы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде осылай айтты.

«Халықтың санасы дұрыс болса, мемлекет тыныш болады және ол дұрыс бағыт-бағдар ала алады. Сондықтан діни ахуалды елге жақсылап жеткізу сіздердің бірден-бір міндеттеріңіз. Сондай-ақ діни басқарманың және имамдар жұмысын елдің тануы да сіздерге байланысты», - деген тілегін білдірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы.