Қазақстан нарығында Швейцариядан неше инвестор жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Швейцарияның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі саналады. Бұл туралы мемлекеттік Хатшылықтың (Швейцария) экономикалық мәселелер жөніндегі сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының (SECO) басшысы Иво Герман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Экономика саласында біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Қазақстан – Швейцарияның Орталық Азиядағы ең маңызды экономикалық серіктесі, ал Швейцария үшінші ірі инвестор саналады. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, Қазақстан нарығында Швейцариядан 40 инвестор белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Иво Герман Астана халықаралық форумында.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы реформаға қатысты пікір білдірді.

«Егер біз кедергілерді еңсере алсақ, онда экономикалық қатынастардағы әлеуетімізді нығайта түсеміз. Қазақстан Үкіметі 2022 жылы бастаған реформалар бағдарламасы бұл бағытта жақсы нәтижеге алып келеді деп санаймыз. Ондағы негізгі элементтер қазірдің өзінде өсімді байқатып отыр. Бұл тұрғыда Швейцария бизнесі мен басқа да кәсіпкерлер үшін экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, цифрландыру, заң үстемдігін нығайту, сондай-ақ адами капиталды дамыту негізгі элемент саналады. Бұған швейцариялық компаниялар назар аударып отыр. Сондықтан іске қосылып жатқан жаңа қадамдар Қазақстандағы нарықты тартымды ете түседі», - деді Иво Герман.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордадағы Конгресс орталықта Астана халықаралық форумы жұмысын бастады.

Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогіне арналған алаң болмақ.


Соңғы жаңалықтар